Kz
Ru
Табекс никотинге тәуелділікке қарсы!
Цитизин 1,5 мг
Қолданар алдында препараттың нұсқаулығымен мұқият танысыңыз
Препарат туралы
  • Табекс препараты шын ниетпен шылып шегуден бас тартқысы келетін адамдарға никотинге тәуелділікті емдеуге арналған. Қолданудың ұсынылған терапевтік сызбасы 25 күн.
  • Табекс құрамында цитизин заты бар, оның химиялық құрылымы никотинге ұқсас және никотинге ұқсас әсері бар.
  • Табекс препаратының әсері мен оның жағымсыз әсерлері зерттелгн және қолдану жөніндегі нұсқаулықта сипатталған. Табекс – Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік зат.
  • Табекс препаратының әсер ету нәтижесінде никотинге тәуелділіктің белгілері біртіндеп азайып, жойыла бастайды.
  • Табекс препараты дәріханаларда РЕЦЕПТСІЗ сатылады.
Әсер етупринципі

Цитизин организмнің жүйке жүйесіндегі никотин рецепторларымен бәсекелесті байланысады.

Никотиннің осы рецепторларымен байланысу мүмкіндігін бөгейді, осылайша никотиннің антагонист ретіндегі қасиеттерін байқатады.

Никотин механизмі темекіге тәуелділікті (никотиннен ләззат алу) қалыптастыру негізінде жатқан ләззат гормоны «дофамин» өндірілуін белсендіру және никотин рецепторларын ынталандыру қабілетін жоғалтады.

Осы әсерінің нәтижесінде никотинге тәуелділік симптомдары біртіндеп азайып, жойыла бастайды.

Қолданутәсілі
  • Ересектерге 18 жастан бастап.
  • Балалар мен он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдер және алпыс бес жастан асқан ересектерде таблетканың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
  • Таблетканы тұтас түрде жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішке қабылдайды.
Күн Аралық Тәуліктік доза
1-3 2 сағат 6 таблетка
4-12 2,5 сағат 5 таблетка
13-16 3 сағат 4 таблетка
17-20 4 сағат 3 таблетка
21-25 6 сағат 1-2 таблетка
Алғашқы үш күні барынша жоғары дозалау кезінде шегілетін темекі саны біртіндеп азаю керек.
Табекс препаратымен емделіп, белсенді шылым шегуді жалғастыру никотиннің жағымсыз әсерлерінің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Шылым шегуді үзілді-кесілді тоқтату емдеуді бастағаннан кейін бесінші күні орын алуы тиіс.
Емдеу курсын аяқтаған соң, пациент бір де бір темекі шекпеуге ерік-жігер танытуы және өзін ұстай білуі тиіс.
Қанағаттанғысыз нәтиже берген жағдайда емдеу тоқтатылады, және 2-3 айдан кейін оны қайтадан бастауға болмайды.
Жағымсыз әсерлері

Жиілігі белгісіз: тахикардия, күшетілген қалыпсыз тактілік, артериялық қысымның аздап көтерілуі

Жиі: бас ауыру, бас айналу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, диспепсия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар
Белсенді немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Атеросклероз
Ауыр артериялық гипертензия
Жедел миокард инфарктісі
Тұрақсыз стенокардия
Таяуда өткерген цереброваскулярлық жағдай
Жүрек аритмиясы
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
Жүктілік және бала емізу кезеңі
өкпе ісінуі
Өндіруші. «СОФАРМА» АҚ,
Илиенский тас жолы көш. 16, 1220 София, Болгария
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Софарма» АҚ, Алматы қ. Сауда өкілдігі, Қазақстан, 050036, «Мамыр 4» ы.а, 190 үй. Телефон нөмірі: 7 (727) 380 01 03, 380 01 37, 380 01 42 (ішкі 108)
Факс нөмірі: 7 (727) 381 63 86
Электрондық поштаның мекенжайы: info@sopharma.kz
ҚР-ДЗ-5№016223 03.08.2015-тен 03.08.2020-ға дейін
Тіркеу куәлігінің иесі,
«СОФАРМА» АҚ, Болгарияя
Онлайн сатып алу
Мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз
Ол сізге препаратты қабылдауға көмек береді
Мобильді қосымша пайдаланушыға бүгін қанша таблетка қабылдау керектігін және курстың бітуіне қанша күн қалғанын айтып тұрады.